Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
Кіру
AA+
"Балалар көркемсурет мектебі"
Абай облысы білім басқармасының Абай ауданы білім бөлімінің коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Жүгіру жолы • Қазіргі заманғы мектеп-лицей-бұл баланың кең білім тәжірибесін жинақтайтын орын
"Балалар көркемсурет мектебі"
Абай облысы білім басқармасының Абай ауданы білім бөлімінің коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

Балалар көркемсурет мектебінің 30 жылдығы қарсаңында 4 наурыз күні «Бейнелеу өнері сабақтарының заманауи үлгісіндегі әдіс-тәсілдер» атты аудандық шеберлік сағаттар топтамасы өтті. Бұл іс-шараға Шәкәрім, Әуезов, Тоқжігітов, Бекбосынов, Әбенов орта мектептері және Балалар көркемсурет мектебінен 20 мұғалім қатысты. Бейнелеу өнері саласындағы жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттің мүддесі үшін қосымша білім беру бағдарламалары мен қызметтерін іске асыру арқылы білімге және шығармашылыққа жеке мотивацияны дамыту мақсатында мектеп мұғалімдерінің кезекті топтық шеберлік сағаттарын ұсындық.

  • Исаханов Әділ Маутханұлы «Майлықпен бейнелеу» атты шеберлік сағатын өткізді. Дәстүрлі емес әдістермен сурет салу (майлықпен бейнелеу) балалардың қиялына кең өріс ашады, баланың шығармашылықпен айналысуына, қиялын дамытуға, дербестік пен бастамашылдық танытуға, өзінің даралығын көрсетуге мүмкіндік береді.
  • Сыдықбай Ержан Оңғарұлы «Құм графикасы – тыныштандырады және қол моторикасын дамытады» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді. Құммен сурет салу тыныштандырады, қозғалыстарды үйлестіру жақсарады, қолдың моторикасы дамиды. Сол және оң қолды сенімді түрде пайдаланудың ең оңай жолы - дәл құммен бояу, өйткені сурет салу кезінде екі қол бір уақытта қатысады.
  • Көкбай филиалының мұғалімі Ережеп Беріктің шеберлік сағаты «Акварель. Алла прима техникасындабейнелеу». Акварель техникасындағы әдіс-тәсілдердің ерекшелігіне баса назар аудара отырып, алла прима әдісін меңгертті.

{gallery}content/3{/gallery}